Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

АҚШ федералды резерв жүйесі коронавирусқа байланысты ставкасын төмендетті

2020 жылдың 4 наурыз 2020 00:00

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні АҚШ-тың федералды резерв жүйесі 50 базистік тармақ бойынша негізгі ставка 1-1,25 пайызға дейін төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сілтеме жасап.

Америка федералды резерв жүйесінің бұл қадамы жоспардан тыс болды, өйткені отырыс 17-18 наурызда өтуге тиіс еді. ФРЖ бұл шешімін экономикаға қосымша қауіп төндіріп отырған коронавирустың таралуына байланысты деп түсіндірді.

Федералдық резерв жүйесі соңғы он жылдан астам уақыттан бері бірінші рет шұғыл жиналып, арнайы кеңес өткізді. Ставканың бірден жарты пайызға өзгеруінің өзі күтпеген жаңалық болды.


Жоғары қарай