Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

АҚШ Қазақстан халқын және конституциялық институттарды қолдайды – Елші міндетін атқарушы

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 11:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі міндетін атқарушы Куо Джудимен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми сайтында мәлім етілгендей, кездесу Қазақстандағы АҚШ Елшілігі менконсулдығының бастамасымен ұйымдастырылды.

Әңгіме барысында Куо Джуди Қазақстандағы қаңтар оқиғаларында қаза тапқандарға көңіл айтты. Д.Куо АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Президент Қ.Тоқаевтың қаңтардағы оқиғаларға қатысты ашық тергеуді және адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету туралы өкімін құптайтынын жеткізді.

Омбудсмен Д.Куоны қаңтар оқиғаларынан кейінгі заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу, халықтың қауіпсіздігі мен елдегі қалыпты тіршілік әрекетін қалпына келтіру жөніндегі азаматтық бастамалар және ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті. Омбудсмен азаматтардың өтініштері мен орын алған өзге де бұзушылықтар туралы айтып берді. Ол заңдылықтың сақталуын прокурорлық қадағалау немесе сотқа шағымдану аясында заңсыз шешімдердің жолын кесу мен күшін жоюдың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол 5-19 қаңтар аралығында Қазақстанның барлық аумағында белгілі бір шектеулерді көздейтін төтенше жағдай режимі жарияланғанын еске салды.

Э.Әзімова әңгіме барысында заң үстемдігі мен адам құқықтарын қорғаудың, қорғаныс пен медициналық көмекке қолжетімділікті қоса алғанда, белгіленген процестік кепілдіктерді сақтаудың, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық қудалау орбитасында тұрғандарға қатысты маңыздылығын айтты.

Кездесу соңында Д.Куо Қазақстанға тезірек қалпына келуді тіледі және америкалық тараптың заңдылықты қалпына келтіру және адам құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылдарды қолдауға дайындығын растады.


Жоғары қарай