Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ Мемлекеттік департаменті: Қазақстанның ядролық сынақты тоқтату жөніндегі қызметі құрметке лайық

2021 жылдың 28 тамыз 2021 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«Америка Құрама Штаттары Қазақстанды Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығымен құттықтайды. Оны жабу туралы шешім ядролық қауіпсіздік пен таратпауға деген нақты бейілділікті көрсетті.

Қазақстанның Семей полигонына қатысты мұндай аса маңызды шешімі қауіпсіз әлемге қол жеткізуге бағытталған маңызды шаралар тізбегіндегі алғашқы шешім болды. Полигон жабылғаннан кейін Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен бірге кеңестік ядролық сынақ инфрақұрылымынан қалған мұраны алып тастау, сондай-ақ кейінгі кезеңде Дегелең тауындағы ядролық сынақтар үшін пайдаланылған 181 тоннельді жою үшін ынтымақтаса жұмыс атқарды», делінген хабарламада.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемеуінше, Қазақстанның бүкіл әлемде ядролық жарылғыш құрылғыларды сынауды тоқтатуды қолдау жөніндегі белсенді қызметі құрметке лайық.

«Дәл осылай Америка Құрама Штаттары да Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) қолдайды және осы мақсатқа жету жолында тұрған айтарлықтай қиындықтарды мойындай отырып, оның күшіне енуі үшін жұмыс атқаруға бейілді. ЯСЖТШ мақсаттарына сәйкес, Америка Құрама Штаттары «нөлдік қуаттағы» ядролық жарылғыш құрылғыларды сынауға мораторий сақтауды жалғастыруда және ядролық қаруы бар барлық мемлекеттерді осындай мораторий жариялауға немесе сақтауға шақырады», делінген хабарламада.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Қазақстан Үкіметіне тұрақты серіктестігі үшін алғыс айтты.


Жоғары қарай