Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.16
EUR 406.18
RUB 5.90
CNY 53.60

АҚШ пен Қытай сауда соғысын әлсіретуге бағытталған келісімге қол қойды

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 10:33

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ пен Қытай әлемдік нарыққа қатты әсер етіп, әлемдік экономикаға кері әсерін тигізген сауда соғысын әлсірету туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Вашингтонда өткен кездесуде АҚШ президенті Дональд Трамп бұл келісім АҚШ экономикасына оң ықпал ететінін мәлімдеді. Ал Қытай тарапы бұл келісім екі мемлекет үшін де ұтымды екенін және екі ел арасындағы қарым-қатынасқа оң ықпал ететінін айтты.

Келісім бойынша Қытай АҚШ импортын 200 млрд долларға жеткізіп, интеллектуалды меншік ережесін күшейтеді. Ал АҚШ Қытай тауарына енгізілген жаңа тарифтерді екі есе қысқартады.

Айта кету керек, АҚШ пен Қытай 2018 жылдан бері тарифтік соғыс жүргізіп келеді. Соның негізінде импортқа қосымша салықтар енгізілген еді. Бұл сауда соғысы жаһандық экономикалық өсімді төмендетіп, инвесторларға кері әсер етті.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Америка, Әлем, Қытай,
Жоғары қарай