Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ Сенаты Трампты ақтап алды

2020 жылдың 6 ақпан 2020 12:02

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - АҚШ Президенті Дональд Трампқа жарияланған импичмент процесі аяқталды. АҚШ Сенаты президентті екі бап бойынша да ақтап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Оның ақталуына сенаторлар арасында Республикалық партия мүшелерінің көп болғаны әсер етті. Айта кету керек, Трамп АҚШ тарихында импичмент жарияланған үшінші президент болды.

Ал импичмент оған екі бап бойынша жарияланған еді. Оның бірінде Трамп қызметін асыра пайдаланды делінсе, екінші бап бойынша ол Конгресс жұмысына кедергі келтірді деп айыпталған. Ал сенаторлардың үштен екісінің дауысы жиналса, Трамп сотталып, президенттікті босайтын еді.

Қазір Трамп сайлауалды кезеңге дайындықты бастап кетті.


Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Америка,
Жоғары қарай