Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та 400 мың адам жарықсыз қалды

2020 жылдың 10 қазан 2020 15:30

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Жұма күні АҚШ-тың Техас және Луизиана штаттарының жағалауындағы аймақтарда «Дельта» дауылының жақындауына байланысты электр жарығы жаппай өшірілді. Бұл туралы елдегі электр энергиясымен жабдықтау жағдайын бақылайтын poweroutage.us порталы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Техаста шамамен 115 мыңдай тұтынушы, Луизианада 270 мыңнан астам адам жарықсыз қалды.

АҚШ-тың Дауылды бақылау жөніндегі ұлттық орталығы хабарлағандай, аталған штаттардың жағалау аймақтарында қазір ауа райына байланысты ескерту жарияланған. Нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны қаупі бар. Орталық жергілікті тұрғындарға қауіп туралы ескертеді.











Фото: usnews.com
Басты сөздер: АҚШ, Оқиға,
Жоғары қарай