Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та белгісіз біреу дүкендегі адамдарға оқ жаудырды

2020 жылдың 5 қазан 2020 09:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні АҚШ-тың Атланта қаласында (Джорджия штаты) болған атыс салдарынан кем дегенде бір адам қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат жергілікті Fox 5 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша шамамен 16:00-де белгісіз біреу Атланта қаласындағы дүкендердің бірінде жүрген бір топ адамға оқ жаудырған.

Оқиғаның алдында екі әйелдің жанжал шығарып, ақыры біреуін полиция ұстағаны белгілі болған. Атыс салдарынан кем дегенде алты адам зардап шеккен, арасында екі бала бар. Зардап шеккендердің бірі — ер адам кейінірек ауруханада көз жұмды.

Күдікті туралы еш мәлімет келіп түскен жоқ. Полиция оқиғаны тергеу үстінде.


Басты сөздер: АҚШ, Оқиға,
Жоғары қарай