Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та COVID-19 жұқтырғандардың саны 10 млн адамнан асты

2020 жылдың 9 қараша 2020 14:15

АҚШ. ҚазАқпарат – Құрама Штаттар әлемде коронавирус жұқтырған науқастардың ең көп саны тіркелген бірінші елге айналды. Reuters агенттігінің жексенбі, 8 қараша күні жасаған есебіне сәйкес, пандемия басталған кезден бері қауіпті вирусты 10 миллионнан астам адам жұқтырған. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл күні әлем бойынша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 50 миллион адамнан асты.

Соңғы он тәуліктің ішінде АҚШ-та ауру жұқтырудың бір миллионға жуық оқиғасы тіркелген, бұл 293 күн бұрын Вашингтон штатында жаңа коронавирус инфекциясы туралы алғашқы хабарламаның жариялану сәтінен бергі ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Өткен жексенбіде елде вирус жұқтырудың 131 420 жаңа оқиғасы тіркелді. Reuters агенттігінің есебі бойынша, бұл -коронавирус инфекциясының жетінші күн қатарынан алты таңбалы өсім қарқынын жалғастыруы.

Коронавирус инфекциясынан өлім оқиғаларының жалпы саны 237 мыңды құрады.

Reuters есебі бойынша, күн сайын коронавирустан тіркелетін 11 өлімнің ішінде біреуі АҚШ-та болады. Осылайша, соңғы бес күнде бүкіл ел бойынша өлім оқиғаларының саны 1 мыңнан асып отыр.

Денсаулық сақтау сарапшыларының айтуынша, алдағы төрт-алты аптаның ішінде елде ауру жұқтыру санының күрт өсуіне байланысты өлім оқиғалары санының артуы күтіліп отыр.

Өткен сенбіде АҚШ елінің жаңа сайланған президенті Джо Байден жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде коронавирус инфекциясымен күресті алдыңғы қатарға қоятындығын атап өткен болатын.


Басты сөздер: Коронавирус, АҚШ,
Жоғары қарай