Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та дүлей дауылдан 700 мың абонент жарықсыз қалды

2020 жылдың 28 тамыз 2020 01:00

БАТОН-РУЖ. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Мексика шығанағының жағалауында «Лаура» дауылы салдарынан бірнеше адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғалар Луизиана штатында болды. Штат губернаторының ресми өкілі Кристина Стивенстің сөзінше, үйдің үстіне ағаштың құлауы салдарынан 14 жастағы қыз бала ажал құшты.

Жастары 60-қа таяған екі ер адам да үйлеріне ағаштың құлауынан көз жұмды. Сондай-ақ К.Стивенс дауылдан қаза болғандар саны артуы мүмкіндігін айтты

Бұдан бөлек, Чарльз өзеніне жақын жерде орналасқан зауытта өрт шыққан. Ол дүлей дауылдан туындауы мүмкін деген болжам жасалуда. Алайда, өрттің құйынды желден тұтанғаны әзірге анық емес.

CNN-нің хабарлауынша, дауыл Луизина және Техас штаттарында 700 мыңнан астам абонентті жарықсыз қалдырды. Луизианада Ұлттық гвардия қызметкерлері жолдарды қирандылар мен өзге қоқыстардан тазартуға көмектесуде.

Метеорологтар «Лаура» дауылына қауіптіліктің «бірінші» санатын беріп отыр. Ол енді Арканзас штатына қарай жылжып, біртіндеп бәсеңдей түседі. Дегенмен, желдің жылдамдығы ағаштар мен электр бағандарын құлатарлықтай күшті болатынын жоққа шығармайды.


Фото: REUTERS/Adrees Latif


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Америка, Әлем,
Жоғары қарай