Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты

2020 жылдың 29 сәуір 2020 07:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, АҚШ-та Covid-19 жұқтырғандар саны 1 миллионнан асып кетті. Америка - вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Бұл ел наурыз айында науқастар саны жағынан Қытайдан озып кеткен болатын.

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны - 56 749. Бұл да - дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Соған қарамастан Нью-Йорк мэрі Эндрю Куомо 15 мамырдан бастап штаттың бірқатар аудандарында локдаун режимі жеңілдейтінін мәлімдеді.


Перевод Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Әлем, Америка, Коронавирус,
Жоғары қарай