Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 150 адамға жетті

2020 жылдың 19 наурыз 2020 12:02

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-та коронавирустың таралуынан ондаған сауда-ойын-cауық орталықтары жабылды. Екі сенатордың вирус жұқтырғаны белгілі болды. АҚШ санақ жүргізу бюросы өз жұмысын тоқтатты, ал қор биржасы сәрсенбіде тағы өзгеріске ұшыраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат USA Today-ге сілтеме жасап.

Елде COVID-19 вирусына шалдығып, қайтыс болғандардың саны 150 адамға жетті. АҚШ президенті Дональд Трамптың жұмыстан шығарылып немесе жалақы сақталмайтын демалыс алуға мәжбүр болған миллиондаған адамға қаржылық қолдау көрсету туралы уәдесі сенім ұялатады.

«Жұмыссыз қалған қонақүй, бар, мейрамхана қызметкерлеріне алдағы уақытта өтемақы төленеді», - деп жазды Трамп Twitter парақшасында.

Сәрсенбі күні Трамп Сенаттың мақұлдауымен бірнеше миллиард доллар бөлу қарастырылған амалдар пакетіне қол қойды. Ол бойынша ауырып қалуына немесе отбасылық жағдайға байланысты демалыс алған ел азаматтары ақша төленіп, сондай-ақ коронавирусқа тегін тексеріле алады, ал жұмыссыз қалған жағдайда арнайы cақтандырылады.

Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, сәрсенбі күні кешке АҚШ-та коронавирус жұқтырудың 9300-ден астам оқиғасы расталды. Бір апта бұрын ауыр індеттен 33 адам көз жұмды, дертке шалдыққандар саны 1300 адам болған. Денсаулық сақтау өкілдері вирустың кем дегенде 38 штатқа тарағанын мәлім етті.

Бүгінде бүкіл әлем бойынша вирустан 8 700 адам қайтыс болған, ал ауру жұқтырғандар саны 217 мыңнан асты. Бір апта бұрын коронавирустан 4 600 адам көз жұмды.


Басты сөздер: Әлем, Америка, Коронавирус,
Жоғары қарай