Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та лотерея билетін кір жуғыш машинаға салып жіберген әйел 26  млн доллардан айырылды

2021 жылдың 15 мамыр 2021 16:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лотерея билетін сатып алған әйел оны шалбарымен бірге кір жуғыш машинаға салып қойғанын айтты. Оның ұтысы 26 млн долларды құраушы еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ға сілтеме жасап.

Ол SuperLotto Plus лотереясының билетін қараша айында Лос-Анджелес қаласы маңындағы Норуолкта сатып алған. Оның билетті алған сәті дүкендегі бейнетаспаға түсіп қалған. Кейін әйел дүкенге қайтып барып, болған оқиға туралы айтып берді.

Дүкен қызметкері Эсперанса Эрнандес Калифорнияның Whittier Daily News басылымына әйелдің дүкенге сәрсенбі, 12 мамыр күні келіп, жүлделі билеттің иегері болғанын, алайда билетін байқамастан кір жуғыш машинаға салып жібергенін айтқанын хабарлады.

Жүлдені алудың шекті мерзімі бейсенбі күні, 13 мамырда біткен. Бұл әйелден басқа жүлдегерлер болған жоқ.

«Егер лотерея жеңімпазы анықталмаса, ақша Калифорнияның мемлекеттік мектептері арасында үлестіріледі», делінген ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.



Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай