Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-та су астында қалған қалада қылмыс көбейгендіктен коменданттық сағат енгізілді

2021 жылдың 1 қыркүйек 2021 14:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Луизиана штатындағы «Ида» дауылы салдарынан жарықсыз қалған Жаңа Орлеан қаласының билігі коменданттық сағат енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Жаңа Орлеанда тонаушылықтың алдын алу үшін түнгі коменданттық сағат енгізілді. Қала «Ида» дауылының салдарынан жарықсыз және құбыр суынсыз қалды.

Қала полициясының бастығы Шон Фергюсон бірнеше адамның ұрлық үшін ұсталғанын мәлімдеді.

АҚШ-тың оңтүстігінде 1,1 миллион адам электр қуатынсыз қалды. Олардың арасында Жаңа Орлеан тұрғындары бар.


Жоғары қарай