Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге құлап, үш адам қаза тапты

2019 жылдың 8 тамыз 2019 21:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Beechcraft Bonanza жеке бір моторлы ұшақ Пенсильвания штаты, Монтгомери округінде тұрғын үйлердің бірінің ауласына құлап, бортында болған үш адам мерт болды, деп хабарлайды CBS телеарнасы АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасына (FAA) сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақытпен бейсенбі күні таңертең болған. Телеарна дерегі бойынша, ұшақ Филадельфияның солтүстік-шығысындағы әуежайдан ұшып, Огайо штатында Колумбус қаласындағы университетке бет алған. Полиция өкілі Майк Мерфидің айтуынша, ұшақ «бірнеше ағашқа соқтығысып барып құлаған». Келеңсіз жағдай кезінде «жердегілерден» ешкім зардап шекпеген, тұрғын үйлер де зақымдалмаған.

Биліктің дерегі бойынша, ұшқыш ұшқаннан кейін ақау туралы хабарлаған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай