Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-тағы өрт: Орегон штатында ондаған адам хабарсыз кетті

2020 жылдың 12 қыркүйек 2020 13:44

ОРЕГОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Орегон штатындағы өрт салдарынан ондаған мың адам қоныстарын тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап хабарайды.

Штат губернатор Кейт Браунның айтуынша, Орегондағы орман өртіне байланысты ондаған мың адам қоныс аударуға мәжбүр болған. Сондай-ақ өрт салдарынан ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен.

Ол үй иелерінен тонау туралы хабарларға қарамастан өрт ошақтарынан аулақ болуларын өтінді.

Орегонаның Төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Эндрю Фелпс төтенше жағдайға дайын екендіктерін жеткізді. Орегон штатындағы өрттен кемінде оннан аса адам көз жұмды. Қазіргі кезде АҚШ-тың 12 штатында жүздеген орман өрті болды.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың батысындағы ормандарда 100-ге жуық өрт болып, кем дегенде жеті адам қаза тапты, мыңдаған адам көшірілді, қалалар қирады.
Басты сөздер: Әлем, Америка, АҚШ,
Жоғары қарай