Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-тағы сұрапыл дауыл: 2,7 миллионнан астам адам жарықсыз қалды

2020 жылдың 5 тамыз 2020 12:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Исаиас» тропикалық дауылы АҚШ-тың шығыс жағалауында 2,7 млн астам адамды электр жарығынсыз қалдырды. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN телекомпаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

Дауыл 8 штатты жайпап өткен. Ең көп зардап шеккен Нью-Джерси штатының тұрғындары, онда 1,3 млн астам үй жарықсыз қалды. Солтүстік Каролинада 303 мыңнан астам, Вирджинияда – 347 мыңнан астам, Мэрилендте – 43,8 мыңнан астам адам осындай жағдайды басынан кешіп отыр.

Бұдан басқа, қаза тапқан 4 адам туралы хабарланды.

«Исаиас» дауылы Американың Солтүстік Каролина штатының жағалауында 3 тамызда, кешқұрым басталған еді. Қазіргі кезде ол біршама әлсіреді.


Басты сөздер: Оқиға, АҚШ,
Жоғары қарай