Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-тың 2 штатында коронавирустың өршуіне байланысты шектеу шаралары күшейтілмек

2020 жылдың 14 қараша 2020 17:48

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Американың Орегон және Нью-Мексико штаттарында Covid-19 індетінің өршуіне байланысты қатаң шектеу шаралары енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Шенеуніктер екінші санаттағы мекемелердің көбін жауып, адамдарды әлеуметтік қарым-қатынасты шектеуге шақырды.

Жұма күні Калифорнияда вирус жұқтырғандар саны миллионнан асты. Бұған дейін мұндай көрсеткіш Техас штатында тіркелген.

АҚШ-та күніне орташа есеппен 900 адам осы індеттен көз жұмады.

Кейінгі 11 күнде күнделікті жұқтырып жатқандар саны 100 000-нан асты, қазіргі уақытта 67 000 адам ауруханада жатыр.

Джон Хопкинс университетінің дерегі бойынша, АҚШ-та жалпы 10,7 миллион адам инфекция жұқтырып, 244 мың адам қайтыс болған.

Жұма күні Трамп әкімшілігі алдағы апталарда Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы (FDA) мақұлдаған екі вакцина мен екі терапевтік дәріні алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Вакцина бойынша әкімшілік басшысы, дәрігер Монсеф Слауи 20 миллион дозаны желтоқсанда пайдалануға беріп, содан кейін әр ай сайын кем дегенде 20 миллион вакцинадан дайындап отыруға болатынын айтты.

Кейінгі апталарда да Айова, Миннесот, Мичиган және Иллинойс штаттарында вирус жұқтырғандар саны артып жатыр.
Басты сөздер: АҚШ, Америка, Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай