Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ-тың екі штатында дауылдан 15 адам көз жұмды

2021 жылдың 3 қыркүйек 2021 08:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Луизиана мен Миссисипиде штаттарына «Ида» тропикалық дауылынан 15 адам адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен тропикалық дауыл салдарынан Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттары да қатты зардап шеккен.

АҚШ президенті Джо Байден ұлтқа арнаған сөзінде бұл штаттарда дауыл салдарыннан 11 адам және Луизиана мен Миссисипиде алты адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеді.

ВВС таратқан ақпаратқа қарағанда, Нью-Йоркте адамдар өз үйлерінің су басқан жертөлелерінде қаза тапқан, бір адамның денесі аударылған көліктің астынан шығарылды. Нью-Джерсиде бір адам көліктің ішінде отырып суға батты, тағы біреуінің үйінің үстіне ағаш құлаған.







Екі штатта да төтенше жағдай режимі енгізілді.

АҚШ президенті Джо Байден халыққа арнаған сөзінде «Ида» дауылы, су тасқындары мен орман өрттерінің климаттық дағдарыстың белгісі екенін айтты.





Басты сөздер: АҚШ, Әлем,
Жоғары қарай