Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

АҚШ-тың экс-президенті ауруханаға түсіп қалды

2019 жылдың 23 қазан 2019 02:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер ауруханаға түсіп қалды. Ол дүйсенбі кешінде үйінде құлаған. Бұл туралы The Carter Center Тwitter-де мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экс-президенттің жамбасы сынған.

«АҚШ-тың бұрынғы президенті Джимми Картер кеше кешкісін Джорджия штаты, Плейнс қаласындағы үйінде құлап қалды. Жамбасы сынып, Phoebe Sumter медициналық орталығына жатқызылды», - делінген мәлімдемеде.

Хабарларға қарағанда, қазір 95 жастағы Картердің көңіл күйі көтеріңкі, үйіне қашан шығаратынын асыға күтіп жатыр.

Айта кетейік, биыл мамыр айында ол жамбасын сындырып алып, ота жасатқан болатын.

Джимми Картер Америка Құрама Штаттарын 1977-1981 жылдары басқарған.

Автор Нұрлан Тұяқов
Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай