Ауа райы
Астана 34 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы короновирус туралы:  Қазақстанның жедел әрекет еткені таңғалдырады

2020 жылдың 2 ақпан 2020 15:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазИнформ - АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео коронавирустың алдын алу профилактикасы үшін Қазақстанға қалай көмектесетіндерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 ақпан күнгі кешкі уақыттағы жағдай бойынша аурудың 46 ықтимал жағдайы тексерілуде (Қазақстанда). Қазақстанның вирустың таралуын тоқтатуға бағытталған жылдам әрекеті әсер қалдырады. Сіздердің Қытаймен шекараларыңыз 1800 шақырымға созылатыны алаңдатады», - дейді Майк Помпео ҚР СІМ-де өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, Аурулар профилактикасы және бақылау орталығы (Centers for Disease Control and Prevention) Қазақстанда да жұмыс істейді.

«Біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне аурудың ықтимал жағдайы бойынша мониторинг жүргізуге көмектесеміз. Біз сіздердің Үкіметтеріңізге аурулардың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі нұсқаулықтарды ұсынамыз, талдаудың халықаралық стандарттарға сәйкес екендігіне және диагноздың дұрыстығына көз жеткізу үшін тәжірибе және зертханалық материалдармен бөлісеміз. USAID арқылы зертхана қызметкерлері мен медициналық қызметкерлер үшін қорғанатын заттар береміз. Вирустан зардап шеккен америкалықтарға көмектесу үшін де қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, қазақстандық достарымызға да осы мәселемен күресу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл мәселе бойынша көмектесуді жалғастыра береміз», - дейді ол.


Жоғары қарай