Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақша ұсақтап беріңізші - теміртаулық сатушыларды ескі тәсілмен алдаған

2021 жылдың 22 шілде 2021 10:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақша ұсақтату сылтауымен бірнеше сатушыны сазға отырғызған теміртаулық жігіт Қарағандыда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорданың Біржан Сал көшесіндегі дәмханада жас жігіт кесек купюраны ұсақтату сылтауымен кассадан 10 мың теңгені жымқырған. Оның бұл тәсілі интернетте кеңінен танымал тәсіл болып саналады. Кейін күдіктінің дәл осындай жолмен астанадағы үш дүкеннің сатушыларын да алдағаны белгілі болды.

«Алаяқ дүкеннен азық-түлік сатып алып, есеп айырысар кезде 10 мыңдық кесек ақша көрсетіп, бірақ қолынан шығармастан, сатушының әрекетін күтіп тұрады. Сатушы оған қайтаруы тиіс артық ақшаны санап жатқанда түрлі әңгімеге айналдырып, 10 мыңдық купюраны қайта әмиянға сүңгітіп отырған. Ал сатушылар автоматты түрде азық-түлік құнынан «артылған ақшаны» жігітке ұстатып жіберген. Жедел-іздестіру кезінде күдікті Қарағанды қаласында ұсталды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктінің үстінен «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 29 жастағы күдікті бұрын есірткімен байланысты қылмысқа барғаны үшін сотталған.

«Полиция кәсіпкерлерге ақша айырбастау түріндегі алаяқтықтан сақ болу керектігін ескертеді. Көбінесе алаяқтар сатушыларды ақшаны ұсақтау сылтауымен алдайды», - делінген департаменттің мәліметінде.


Жоғары қарай