Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақсуда ер адам суға батып кетті

2021 жылдың 3 тамыз 2021 02:24

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Ақсу қаласына қарасты Еңбек ауылының маңындағы Белая өзеніне ер адам батып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Еңбек ауылының маңындағы Белая өзенінің шомылуға рұқсат етілмеген аумағында 1999 жылы туған ер адамның суға батып кеткені анықталған. Осыған байланысты Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

- Тұрғындарды жабдықталмаған жерлерге шомылмауға, суға спирттік ішімдік ішпей, есірткі заттарын пайдаланбай түсуге, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Есіңізде болсын, сіздің өміріңіз бен балаңыздың өмірі бірінші кезекте сіздің қолыңызда, - деп еске салады баспасөз баяндамасында.

Басты сөздер: Павлодар облысы, Оқиға,
Жоғары қарай