Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Ақтау көшелерін түтін басты

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 18:47

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында екі-үш күннен бері аспанды түтін басып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл көрініс тұрғындардың алаңдаушылығын тудыруда. Қала көшелерін тұман басып, бұл жағдай тіпті қала шетіне дейін созылып жатыр.




Маңғыстау облысы Экология департаменті өкілдерінің хабарлауынша, бұған Атырау облысындағы төтенше жағдай себепші болған.

Ауадан сынама алып, зертханада тексерген мамандар осындай тоқтамға келген. Яғни, ауада зиянды қалдықтар тарамаған.

«Атмосферада шекті деңгейден асып тұрған зиянды қалдық жоқ. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Атырау облысында қамыс өртенуде. Содан шыққан қалың түтін өңірге жел арқылы жетіп, көшелерді басып қалды», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай