Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтау маңында белгісіз сұйықтық құйылған шөлмектер табылды

2022 жылдың 12 мамыр 2022 15:50

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Баянды ауылы маңынан жергілікті тұрғын ішіне белгісіз сұйықтық құйылған көптеген бөтелке тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Сары түсті сұйықтық құйылған бөтелкелер 11 мамырда, сәрсенбі күні табылды. Ер адам оны видеоға түсіріп алған. Ролик авторы бөтелкелерді ашуға қорыққанын, оның ішінде улы химикаттар болуы мүмкін екенін нақтылады. Бұл видеотаспаны экология департаменті көріп, оның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі және экология департаментінің зертханалық-талдау бөлімі мамандары Баянды ауылдық округінің полиция қызметкерлерімен және Мұнайлы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен бірге барды.

Сарапшылар бөтелкелердің ішінде сақтау мерзімі өткен сусындар екенін анықтады.

«Бөтелкелерді кім және қашан тастағаны белгісіз. Біздің мамандар Мұнайлы ауданының әкімдігіне қалдықтарды жинап, полигонға апаруға кеңес берді», - деп нақтылады экология департаментінен.

Экологтар Мұнайлы ауданының полицейлеріне кінәлілерді анықтап, оларды әкімшілік жауапқа тартуды өтінді.


Жоғары қарай