Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Ақтауда Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталық бой көтеруде

2019 жылдың 13 наурыз 2019 21:27

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталық құрылысы ырғақты жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алаш абызы Әбіш Кекілбаев Маңғыстауды ашық аспан астындағы мұражай деп атаған еді. Биыл жазушының 80 жылдық мерейтойы атап өтілмек. Осыған орай, Ақтау қаласының 19а ықшамауданында Әбіш Кекілбаев атындағы мәдени орталықтың құрылысы бой көтеруде. Жаңа құрылыс қарқынымен облыс әкімі Ералы Тоғжанов танысып, жауапты мамандарға аталмыш орталықтың құрылысы биылғы жылдың күз айында аяқталып, пайдалануға берілу керектігін тапсырды. Сондай-ақ, құрылыс материалдарының сапасымен танысты. Жоспар бойынша бұл жерде 2 қабатты Әбіш Кекілбаев мәдени орталығы, облыстық музей мен кітапхана ашылатын болады. Ғимарат ортасында субұрқақ та болмақ. Жалпы аумағы 7,7 гектарды алып жатқан құрылыста қазір 80-ге жуық жұмысшы еңбек етуде.

Айта кетейік, облыс мектептерінде «Әбіштану» сыныптары ашылған болатын.

Жоғары қарай