Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда алғаш рет жерасты қоқыс контейнері орнатылды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 07:21

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Түрік компаниясы Ақтау қаласына жерасты қоқыс контейнерін сыйға тартты, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Алғаш рет орнатылған жерасты контейнерінің бірнеше артықшылықтары бар. Мәселен, қаланың эстетикалық келбеті жақсарып, жағалау аймағындағы туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының демалуына да қолайлы болмақ. Өйткені, контейнерлерден қолайсыз иіс шықпайды және арнайы техникамен шығару кезде қоқыс жан-жаққа төгілмейді.

«Ақтау қаласына келгеніме 2 жылдан асты. Әсем қалада ескі контейнердің тұрғанын көріп, компанияның атынан осындай жерасты қоқыс жәшіктерін сыйға тартуды шештім. Көрші елдер арасындағы ыньымақтастық нығая берсін», - деді компания директоры Әли Делибудак.

Сонымен қатар, заманауи контейнердің көлемі қазіргі қолданыстағы қоқыс жәшіктерінен үлкен. Бұл өз кезегінде рейстер санын азайтып, қоқыс шығаратын мекемелер үшін тиімді болмақ.

Қала әкімінің орынбасары С.Гусманның айтуынша жаңа үлгідегі қоқыс контейнерін орнату жөнінде қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсыныс берілмек.

Жоғары қарай