Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Ақтауда дәмханадағы атыстан екі адам жараланды

2019 жылдың 5 тамыз 2019 17:47

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында дәмханаға келушілер арасындағы жанжал соңы атысқа ұласты, 2 адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атыста зардап шеккен 2 жігіт жедел ауруханаға жеткізілген. Олардың айтуынша, сөзге келіспеушілік соңы атысқа ұласқан.

«Бірі 1993 жылғы. Оның аяғына оқ тисе, екіншісі 1992 жылғы. Оның сол жақ білегіне оқ тиген. Алғашқы көмек көрсетілген соң, екеуі де амбулаторлық емдеуге жіберілді», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты «бұзақылық» бойынша іс қозғалған.

«Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-бөлігі бойынша іс қозғалды», - дейді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы іске қатысы бар күдікті ұсталып, соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынған.

Жоғары қарай