Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтауда екі марихуана зертханасы анықталды

2022 жылдың 28 мамыр 2022 21:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіреу шарасы кезінде марихуана өсіретін 2 фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алғашқы факт бойынша бұрын істі болған 38 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйінен 8 гүл өсіруге арналған құмырада өсіп тұрған марихуана және есірткі дайындайтын әртүрлі тұқымдас 9 құмыра табылды», - деген ақпарат таратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің хабарламасында айтылғандай, екінші есірткі зертханасы Ақтау қаласындағы шағын аудандардың біріндегі тұрғын үйдің екінші қабатында анықталған.

«Есірткі зертханасының иесі 29 жастағы ер адам болып шықты. Полицейлер тұрғыннан 13 марихуана бұтасын және есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған минералды тыңайтқыштар салынған ыдыстарды тәркіледі», - дейді ведомстводан.

Қазір аталған фактілер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

«ҚР Қылмыстық кодекісінің 300-бабының бірінші тармағына сәйкес «құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалды», - делінген хабарламада.


Жоғары қарай