Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтауда ер адам суға батып кетті

2019 жылдың 4 тамыз 2019 09:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтауда ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz.-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 3 тамыз күні халық арасында «Шора» аталып кеткен су арнасында болды.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат сағат 17:30-да келіп түсті.

«Екі адам суға батып кете жаздап, олардың біреуін демалушылар құтқарып алған. Суға кеткен адамды іздестіру жұмыстары жағасуда»,-деді жедел-құтқару отрядының өкілдері.

Кешірек ер адамның денесі демалыс базаларының бірінде табылғандығы хабарланды.

Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Оқиға, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай