Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда көпбалалы ана тігін цехын ашты

2020 жылдың 20 қазан 2020 14:51

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаудағы 29 шағынауданда орналасқан «Жанұя» әлеуметтік қолдау орталығында тігін цехы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тігін шеберханасын ашудың басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған аналарды жұмыспен қамту. Солардың бірі - Динара Коктаубайқызы. Көпбалалы ана тігін цехының ашылуына мұрындық болды. Осы істің басы-қасында жүріп, өз мақсатына жетті.

«Аналар түрлі киімді тігіп әрі пішуге даяр. Қабілет-қарымы жетеді. Бастысы жұмыс істеуге ниетіміз бар. Көпбалалы аналарға Ақтау қаласының әкімдігі тарапынан қолдау көрсетіліп, ғимарат берді. Көпбалалы аналар жиналып, тігін машиналарын алдық. Көрпе, медициналық халаттар және арнайы киімдер тігеміз»,- деді Динара Коктаубайқызы.





«Жанұя» орталығы жазда ашылған. Онда әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы аналар жеке кәсібін ашуға, арнайы мамандардан қолөнерді, тігіншілік кәсіпті үйреніп, қажетті кеңес алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, орталықта психологтар, банк қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер мен медиаторлар көмек көрсетеді. Алдағы уақытта жеңілдетілген несие, қайта даярлау және жұмысқа орналасу бойынша тегін кеңестер беру, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар төлеу мәселелері бойынша түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.









Жоғары қарай