Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Ақтауда Land cruiser prado үш көлік пен мектеп қоршауын қиратты

2019 жылдың 16 шілде 2019 20:41 262

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Land cruiser prado автокөлігі үш автомобильге және мектептің қоршауына соғылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 16 шілдеде орын алған. Басылымның мәліметтеріне сәйкес, автокөліктің рулінде кәмелет жасқа толмаған бала болған. Ол рульге ие бола алмай, алдымен тоқтап тұрған екі автокөлікке, артынан мектептің қоршауына соғылған. Сондай-ақ екпінімен барып, жақын маңда тұрған тағы бір машинаны қаққан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610 бабының 3 бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», - деп мәлім етті Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.




Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға, Көлік,
Жоғары қарай