Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда Шотан батырға арналған ескерткіш салынады

2021 жылдың 23 мамыр 2021 17:52

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Шотан батырға арналған ескерткіш салынады. Бұл жөнінде қоғамдық талқылауда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескерткіш батырдың XVIII ғасырда қазақ жерінің бүтіндігі жолында шайқасқан ерлігі мен қайсарлығын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында орнатылмақ.

Ер Шотан Жоңғар шапқыншылығы кезінде Абылай мен Әбілқайыр ханның сенімді серігі, таңдаулы сардары болған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Хангелді және Өтеген батырлармен бірге қазақ қолының бір бөлігіне басшылық еткен.

Шотан батыр ұрпақтарының бірнеше жылдан бері көтерген рухани мәселесі бүгінде облыс және қала әкімдігі тарапынан қолдау тауып, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтаудағы №18 автожол бойындағы үлкен плакат жанына тұрғызылмақ.

Қоғамдық талқылауға жиналған белсенділер мен облыстық және қалалық депутатттар батыр ескерткішін бірауыздан мақұлдады.

Жоғары қарай