Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда тұрғын үйлердің нөмірін жарықтандыру басталды

2021 жылдың 19 маусым 2021 05:20

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Алғашқы жарықтандыру 30 шағынауданда орналасқан нөмірі 30-шы үйден басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамаевтар отбасы бұл үйде 2007 жылдан бері тұрады. Қасиетті шаңырақта 4 егіз дүниеге келген. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тартуды көпбалалы отбасы қуанышпен қарсы алды.

«Мен үшін бүгін қуанышты күн. Елімізде Тәуелсіздікке орай керемет шаралар ұйымдастырылып жатыр. Осыған орай, біз жанұямызбен Ақтаудағы осы 30 шағынаудандағы 30 үйдің тұрғыны болғанымызды мақтаныш тұтамыз. Бүгін үйімде 30 саны жарқырады. Күніміз ешқашан сөнбесін. Еліміз, жұртымыз аман болсын. Қаламыз көркейе берсін»,- дейді отанасы Сарсенбибі Құрманбаева.

Жарықтандыру жұмыстары кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалуда.


Жоғары қарай