Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» республикалық шарасы өтті

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 19:52

АҚТАУ. ҚазАқпарат –Ақтау қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттауға арналған «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» республикалық лекторий өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пленарлық отырыс жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілханов, Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаев, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, ҚХА мүшелері, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары өкілдерінің Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыруға қатысу мәселелері, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін одан әрі нығайту жөніндегі шаралар талқыланды.




Республикалық лекторий барысында қатысушылар ҚХА-ның ХХІХ сессиясында Мемлекет басшылығы белгілеген этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидаттары мен идеологиялық тәсілдері бойынша пікір алмасты.


Жоғары қарай