Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда заңсыз салынған 20 тұрғын үйдің құрылысы тоқтап тұр

2020 жылдың 16 қаңтар 2020 12:16

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда салынып жатқан 69 үйдің 20-ның құрылысы заңсыз басталған. Сондықтан жұмысы тұралап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, былтыр өңірде 1 млн 200 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 10 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілген.

Құрылысшылармен кездескен облыс әкімі Серікбай Трұмов жауаптыларға осы мәселені шешуді тапсырды. Мұндай олқылық жасағандар заң алдында жауап беруі мүмкін. Сондай-ақ, жаңадан салынатын тұрғын үйлердің сапасы мен сыртқы көрінісі талапқа сай болуы шарт.

«Қоқысты да кез келген жерге тастамау керек. Әлі іргетасы құйылмаған тұрғын үй үшін тұрғындардан ақша алу да өрескел қате»-, деді өңір басшысы.

Серікбай Трұмов құрылыста еңбек етіп жүрген кәсіпкерлерге рахметін айтып, алдағы уақытта салынатын үйлердің сапасына қатты мән беруді тапсырды.

«Келесі салынатын үйлердің барлығы заң талаптарына сай болу керек. Сараптамадан өткен, барлық жергілікті атқарушы органмен келісілген жобаларға ғана рұқсат беріледі»,-деді Серікбай Трұмов.


Жоғары қарай