Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда жаңажылдық шыршаларды орнатуға 37 млн теңге бөлінді

2019 жылдың 13 қараша 2019 22:08

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жаңажылдық шыршаларды орнатуға және безендіруге бюджеттен 37 млн теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сомаға бәрі кіреді. Атап айтқанда, шыршаны сатып алу, оны безендіру, ілетін ойыншықтары бар. Былтырдан қалғандарын да қолданамыз. Өткен жылы бюджеттен тыс 7 миллион теңгеге гирляндалар сатып алған едік. Бұл жабдықтың 70 пайыздан астамы сақталған, яғни олар да пайдаға асады», -дейді Қайрат Ақыбаев.

Жалпы, жаңажылдық шыршалар қаланың үш жеріне орнатылады. Олар 4-шағынаудандағы қала әкімдігінің алаңы, 15-шағынаудандағы теңіз жағалауы және 34-шағынаудандағы «Достық үйінің» алды. Мемлекеттік сатып алу конкурсын биыл «Керуен Фараб сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алған. Компания барлық жұмысты 21 миллион теңгеге жасап беруді жоспарлауда.

Жоғары қарай