Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтауда жаппай төбелес болды

2019 жылдың 13 қараша 2019 16:19

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда студенттер төбелесті. Олардың осы видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құқық қорғау органдары оқиға орнына барып, төбелеске қатысқандарды, олардың қай оқу орнының студенттері екендігін анықтауда.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысқан 3 адамның «Болашақ» колледжінің студенті екені белгілі болды.

«Оқиға жан-жақты тексеріліп жатыр. Іс әкімшілік пе әлде қылмыстық па, оны тергеу үстіндеміз. Анық-қанығы белгілі болған соң тиісті шара қолданылады»,-дейді Ақтау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қалдымұрат Айғарақов.

Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Маңғыстау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай