Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 20:50

АҚТАУ. ҚазАқпарат – 23 жастағы ақтаулық жігіт қоян-қолтық күрестен жаттығу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс жағдай 11 желтоқсан күні болған.

«11 желтоқсан күні кешкі 20.56 шамасында жедел жәрдем қызметіне шақырту келді. Дереу бригада жіберілді. Алайда, ол дәрігерлер жеткенше көз жұмған. Сол жерде болғандардың айтуынша, марқұм кеудеге тиген соққыдан кейін құлап қалыпты» делінген хабарламада.

Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бабы бойынша іс қозғалған. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.

Жоғары қарай