Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе әкімдігінің шенеунігіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 13:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақтөбе қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бір басшысына қатысты қылмыстық істі тергелуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған тұлға 2019 жылдың қазан айынан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін мекеменің басқа қызметкері және жеке кәсіпкерлермен алдын ала келісім жасай отырып, жалған мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттар жасасу арқылы 9,9 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде», - деді департамент тергеушісі агентті алаңында өткен онлайн брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, 2020 жылдың 6 наурызында күдікті мердігерден 1,9 миллион теңге мөлшерде қолма-қол ақшаны алу кезінде ұсталды.

«7 наурызда оған 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып шығарады», - деді Данияр Биғайдаров.


Жоғары қарай