Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

«Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады

2020 жылдың 2 шілде 2020 14:50

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, республикалық маңызы бар 160-220 «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмысы жалғасуда. Жолдың 60 шақырымындағы жұмысты жолшылар жоспарға сәйкес орындап жатыр.

Қазіргі таңда мұнда ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаты жаңартылуда. Аталмыш жұмыс аяқталған соң ені 9 метрді құрайтын қозғалыс бөлігі бар тасжол ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендіріледі. Жолдың осы учаскесіндегі жұмыстарға шамамен 175 адам мен 116 техника жұмылдырылған. Жол учаскесіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстарын Todini Costruzioni GeneraliS.p.A. мердігерлік компаниясы, техникалық бақылаушараларын «ConsultEnginering» және «ZS Enginering» компаниялары жүзеге асыруда.





Жалпылайт алғанда, биыл Ақтөбе облысында «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» тасжолының 154 шақырымында қозғалыс ашылмақ. Бұл - жолдың 160-220, 236-275 және 275-330 шақырымдарының аралығы.

Еске салайық, өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы - 1892 шақырым. Оның шамамен 70% - жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.





Жоғары қарай