Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе хром қосындылары зауытында төрт жұмысшы мерт болды

2020 жылдың 28 мамыр 2020 17:42

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе хром қосындылары зауытында төрт адам көз жұмып, екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаментіне хабар жергілікті уақытпен сағат 13:20-да түсті. Онда №4 цехта жұмысшылардың мерт болғаны айтылды.

«Жұмысшылар таңертең 50 текше метр болатын бакті тазартқан. Кейін біреуі ақауды көріп, ішіне кіреді. Шықпаған соң тағы үшеуі түскен. Төртеуі оқиға орнында көз жұмды. Екі адам жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзу» бабы бойынша тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталуда», - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Атынай Арыстанов.





Жоғары қарай