Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Ақтөбе қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 19:58

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне 37 жастағы Аманбай Нұрмұханбетов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аманбай Нұрмұханбетов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін кәсіптік жоғары білімді дене тәрбиесі оқытушысы, құқық біліктілігі бойынша аяқтаған. Еңбек жолын мектепте дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастады. Кейін жеке компанияда күзет қызметін атқарды. Білім саласына қайта оралып, Кеңкияқ орта мектебінің дене тәрбиесі нұсқаушысы, Темір аудандық әдістеме орталығының әдіскері, Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бас маманы болды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бөлімінің басшысы болып қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Темір ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс атқарды.


Жоғары қарай