Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспары таныстырылды

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 03:39

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспары таныстырылды. Бұл бірінші және екінші кезеңі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобалаушы компания 2050 жылға дейінгі қала жоспарын көрсетіп, ұсыныстарды да қарап шықты. Стратегиялық құжатта қала демографиясы негізге алынған. Яғни, 25 жылдан соң шахар халқының саны 950 мың адамды құрауы мүмкін.

«Біз Ақтөбенің аумақтық дамуын анықтауға мүмкіндік беретін барлық саланы қамтып, атқарылатын істерді нақтыладық. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы орта қалыптастыру секілді маңызды деген сұрақтар түгел қамтылды»,- деді серіктестік директоры Любовь Нысанбаева. Сондай-ақ, табиғи-техногенді апаттар жайы ескерілді. Әсіресе тұрғын үй алаптарын су тасқынынан қорғау тұжырымдамасы әзірленді. Атап айтқанда, жобалаушылар Ақтөбедегі үлкен айналма жолдың бойына қар мен еріген суды бөгейтін 260 метрлік жасыл белдеу салудыұсынып отыр.
Жиын соңында облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшыларына стратегиялық құжатты егжей-тегжейлі зерттеп, бірқатар ұсыныс енгізуді тапсырды.








Жоғары қарай