Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Ақтөбе – Нөкіс» бағытында жаңа әуе қатынасы ашылады

2021 жылдың 27 шілде 2021 15:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасы ашылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараптар биылғы жылдың 29 шілдесінен бастап аптасына 2 рет жиілікпен «Ақтөбе – Нөкіс» бағыты бойынша жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасында аптасына 32 рейс орындалады.

Кездесуде екі ел арасындағы транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары, атап айтқанда, жүк тасымалын ұлғайту, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, бірлескен ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.


Жоғары қарай