Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбе облысында үш күнде 4 адам суға кетті

2020 жылдың 13 шілде 2020 23:26

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында демалыс күндері 4 адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе су қоймасына 24 жастағы ер адам батып кетті. Құтқарушылар оны үш сағаттан астам уақыт іздеп, 8 метр тереңдіктен алып шықты.

Ал Әйтеке би ауданының Қарабұрақ ауылындағы Ырғыз өзенінде 37 жастағы ауыл тұрғыны мерт болды.

12 шілде күні Темір ауданы, Саркөл ауылындағы Темір өзенінен 32 жастағы ер адамның денесін полиция қызметкерлері алып шықты.

Сол күні Ақтөбе теңізінде мас күйінде суға түскен қыздың судан қайта шықпай қалғаны хабарланды. Құтқарушылар 22 жастағы бойжеткенді аман алып қалды.

Ал Бүгін Қобда ауданында 49 жастағы ер адам суға батып кетті.

«Жаздың аптап ыстығында адамдар өзен жағасын паналайды. Бірақ карантин кезінде жағажайлар жұмысына тыйым салынған. Адамдар қауіпті, рұқсат етілмеген аймақта шомылуды әдетке айналдырды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 15 адам суға батып, мерт болды. Оның үшеуі - бала.


Жоғары қарай