Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе облысының әкімі өңірде коронавирус індетінің неліктен өршіп кеткенін айтты

2020 жылдың 26 мамыр 2020 17:40

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тікелей эфир арқылы бетперде киіп, қолғап киіп жүруге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 282 адам індетке шалдықса, 200-ден астамы емделіп шықты.

«Індет бізге сырттан келді. Бірқатар жерлесіміз алдын ала білсе де шетелге шығып, елге ауруды жұқтырып оралды. Облыс бойынша 282 науқас тіркелді. Оның 59-ы шетелден келген, өзгесі науқастармен қарым-қатынаста ауру жұқтырды. Теңіз кенішінен келген 8 жұмысшыдан ауру анықталды. Ресейден келген студенттердің 18-і індетке шалдыққан. Алдыңғы шепте жұмыс істеген құқық қорғаушылар арасынан вирус жұқтырғандар болды. Арасында еш белгісі болмаса да коронавирус табылған адамдар болды. Жоспарға сай барлығы 1012 кереует дайындалды. Оның 135-і инфекциялық, 270 провизорлық, 607 карантиндік. Алдын алу шарасының нәтижесінде індеттің кең таралуына жол бермедік. Залалсыздандыру жұмыстары оң нәтиже берді. Резервте 1735 кереуеттік орын бар», - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік, облыста 4 зертхана жұмыс істеп тұр. Күніне 2 мыңға жуық адамның анализін зерттеуге мүмкіндік бар.

«Сәл босаңси бастағанда індет өршіп шыға келді. Ауру жұқтырған науқастар саны да күрт өсті. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, қауіпті індетті жоққа шығарып, санитарлық талапты сақтамау, екіншіден, төтенше жағдай тоқтап, карантиндік режимді босаңсыту салдары. Үшіншіден, тұрғындар арасында белсенді скрининг өткізу нәтижесі. Осының ішінде ең бастысы әрі қауіптісі – вирустың бар екеніне сенбеу, сақтану шараларына бейжай қарау. Осындай түсінікте жүргендер қоғамға ең қауіпті адамдар деп есептеймін. Өйткені олар осы әрекеттерімен көпшілікке зиянын тигізуде.

Өкінішке қарай, індетке шалдығып, оның зардабын кеш түсінгендер де кездесуде. Арамызда адам көңіліне күдік салатын әртүрлі жалған ақпарат таратушылар да жетерлік. Ойдан құрастырылған оқиғалар мен жалған куәлік берушілер жасаған аудио, видео материалдар күннен күнге көбеюде. Оны ұйымдастырушылар еліміздің қауіпсіздігіне зиян келтіруші. Ал соған сеніп, әлеуметтік желіде таратушылар соның қолшоқпары болып отырғандар.

Біліп, білмей істесе де олар сіз бен біздің өмірімізге зиян келтірушілер. Ол адамдар вирустан да қауіпті. Оған тек қана осылай баға беруіміз керек. Әлем болып осы індетпен күресіп жатқан барлық адамзат ақымақ па? Ия жалған ақпаратқа сенуші скептиктер ғана ақылды ма? Алпауыт елдердің басшылары осы індетке душар болып, емделуі еріккеннің ермегі ме? Әлде түсіну, сену үшін өзіміз, жақынымыз науқастану керек пе?», - деді өңір басшысы.

Еске салсақ, ертеңнен бастап өңірде балабақша жұмысын бастайды.


Жоғары қарай