Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбе облысының комендаты қалада болған тәртіпсіздік туралы айтып берді

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 23:29

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының комендаты Қанат Әлиев бейнебақылау камерасындағы жазбаны жариялап, болған оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының командаты Қанат Әлиевтің айтуынша, 4 қаңтар күні наразылық білдірушілер автожолдарды жапты, әуе және теміржол тасымалы да тоқтатылды.

«Ішімдік пен есірткіні пайдаланған демонстранттар билік өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы агрессия көрсетіп, өртенетін қоспалар, тас, таяқ қолданған. Полиция қызметкерлерін автокөлікпен қақты. Бұл күндері 17 полиция қызметкері жарақат алды. Қызметтік көлік пен байланыс құралдары да зақымдалды. Жанғыш заты бар ыдыстар мен таяқ, тас тәркіленді. Өңірде тәртіпті қалпына келтіру аясында қаңтардың 6-сынан 7-не қараған түні құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер алаңды тазарту және облыс әкімдігі ғимаратын босату операциясын жүргізді. Нәтижесінде полиция бөлімдеріне 200-ге жуық адам жеткізілді. Оның 160-тан астамы әкімшілік жауапқа тартылды», - деді Ақтөбе облысының командаты Қанат Әлиев.

Қазіргі кезде 960-тан астам адам ұсталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. Олардың ішінде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 7 адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Ал 312 азамат әкімшілік қамауға алынды.


Жоғары қарай