Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе полициясы мейрамханадағы тойды таратып жіберді

2020 жылдың 20 қазан 2020 11:03

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында үйлену тойын өткізгендер анықталды. Полиция той қонақтарын таратып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласы Заречный-2 елді мекеніндегі мейрамханалардың бірінде үйлену тойы тоқтатылды. 17 қазан күні рейд кезінде учаскелік полиция инспекторлары Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулысының талаптары бұзылғанын анықтады. Мейрамханада 60 адамға арналған үйлену тойы өткізілген.

«Мейрамхананың күзетшісі учаскелік полиция қызметкерлеріне бағынбады. Ол ӘҚБтК-нің «Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшісінің, әскери полиция органының, сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау» бабы бойынша жауапқа тартылды. Ал мейрамхана иесіне ӘҚБтК-нің «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша материал жиналып, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Ақтөбе қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, 18 қазан күні Заречный-2 елді мекенінде тағы 60 адамға арналған той өткізілген. Бұл іске қатысты да әкімшілік хаттама толтырылды.


Жоғары қарай