Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақтөбе жол-көлік апатынан екі адам көз жұмды

2020 жылдың 9 шілде 2020 18:23

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік апатынан екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарабұтақ-Қостанай»тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. «Фольксваген-Пассат» көлігінің 42 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, тасжолдан шығып кетті. Салдарынан жүргізуші жарақат алып, көлік ішіндегі туған апасы ауруханаға барар жолда көз жұмды. Сараптама кезінде жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды.

«Ойыл-Қобда« тасжолында 27 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік аударылды. Жүргізуші мен үш жолаушы Қобда ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Көп ұзамай жарақат алған Ойыл ауданының тумасы емдеу мекемесінде көз жұмды. Тергеу жүргізілуде», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.





Жоғары қарай