Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 102 мектептегі 310 сынып оқушысы карантинге жіберілді

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 15:13

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 102 мектептегі 315 сынып оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталып, олар карантинге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы «қызыл» аймақтар қатарында тұр. Мұнда бір тәулікте 224 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, көбі аурухаға түсті. Қазіргі кезде облыстық инфекциялық стационарларда 848 науқас ем қабылдап жатыр. Оның 10-ы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен бірге 47-і инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныс алуға мәжбүр.

«Инфекциялық стационарларға жатқызу дерегі 10-15% төмендеді. Балалар арасындағы жағдай да сондай. Қазір COVID-19 жұқтырған 337 баланың 10-ы ауруханада. Біреуінің жағдайы жеңіл, өзгелерінде орташа ауырлықта. Сонымен бірге 11 жүкті келіншектің 41-і ауруханада ем қабылдап жатыр. Бесеуінің жағдайы ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Жаңа оқу жылы басталған күннен бері 315 оқушы вирус жұқтырып, ауырып қалды.

«Ақтөбе қаласында 241 баладан анықталса, өзгесі аудандарда. Қазір 102 мектептегі 310 сынып оқушысы түгел үй карантиніне жіберілді. Олар қашықтан білім алады. Облыста карантинге түгел жабылған мектеп жоқ. Егер бір ауысымда оқитын оқушылардың 30%-нан вирус анықталса, бір ауысым ғана карантинге жіберіледі. Ал түгел карантинге жіберу мәселесі бөлек-бөлек шешіледі», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.


Жоғары қарай